Otpan News Logo

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Маңғыстауда биыл 83 іс тіркелді

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Маңғыстауда биыл 83 іс тіркелді

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – мейірімді қоғам» атты тренинг өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының прокуратурасы мен облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды.


Тренингтің басты мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған жол бермеу, сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қоғамда бейбіт әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.


«Бүгінгі таңда зорлық-зомбылық бойынша алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіріп отырмыз. Әрине, бұл – мақтанатын көрсеткіш емес. Бүгінгі іс-шарада «Алаңсыз үй» қандай болуы керек, оны қалыптастыру үшін не істеу қажет деген мәселелер қозғалады. Сонымен қатар басты назар кибербуллинг мәселесіне аударылады. Бұл бағытта республика бойынша бестікке кіріп отырмыз. Осы мәселенің алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны талқыланады. Бұдан бөлек, жиынға маскадағы кейіпкер – әйелдерге рух беріп, өз ойымен бөлісетін батыр әйел бейнесі де қатысты. Әлеуметтік желілерде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлі көріністері жиі жарияланады. Бүгінгі жиында әйел адамның нәзік болғанымен, өзін қорғай алатыны, ал ер азаматтардың әйелді сыйлап, құрметтеп, қорғауы қажет екені сөз болады», – деді Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Әсел Балманова.


Жиынға облыс тұрғындары, қала мен аудан әкімдері жанындағы комиссия мүшелері, «Аналар кеңесі», «Әкелер одағы», ата-аналар комитеттерінің өкілдері, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, көпбалалы аналар, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты.


«Отбасылық зорлық-зомбылық – өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінде еліміздегі әрбір бесінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері тіркеліп, әйелдер мен балалар зардап шегеді. 2025 жылы өңірімізде отбасы-тұрмыстық сипаттағы 78 іс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 83-ке жетті. Мұндай құқықбұзушылықтардың басым бөлігі алкогольдік ішімдік тұтынғаннан кейін болады. Ең өкініштісі – құқық бұзушыларға әкімшілік қамаққа алу және ерекше талаптар белгіленгеніне қарамастан, олардың қайта қылмыс жасау фактілері әлі де сақталып отыр», – деді Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Үмітай Мырзағали.

36
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!