Otpan News Logo

Ақтауда «Үздік радиотелефонист» байқауы өтті

Ақтауда «Үздік радиотелефонист» байқауы өтті

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ - Байқау барысында қатысушылар жеделдік, дәлдік, кәсіби білім және жауапкершілік бағыттары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.


Радиотелефонист – төтенше жағдай туралы алғашқы ақпаратты қабылдап, өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз ететін маңызды буын.


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, байқау қорытындысы бойынша І орынды – Ақтау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Алтынай Алиева, ІІ орынды - Мұнайлы ауданы №12 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Майра Толегенова, ІІІ орынды – Жаңаөзен қаласы №11 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Айғаным Әбдіғожаева алды. 


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, үздік тәжірибелері бағаланды.

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!