Жаңаөзенде ертең құқықтық-профилактикалық керуен өтеді
OTPANNEWS.KZ. - 7 қазан күні сағат 12:00-де Жаңаөзен қаласында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық-профилактикалық керуеннің кездесуі өтеді.
Кездесудің негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.
Іс-шара барысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық сектордың және тиісті сала мамандарының өкілдері тұрғындармен ашық форматта кездесіп, азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша құқықтық кеңес пен нақты түсіндірмелер береді.
Жаңаөзен тұрғындары мамандарға өз сұрақтарын тікелей қойып, заң талаптарына қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ жеке мәселелері бойынша консультация алуға мүмкіндік алады.
Өтетін орны: Мұнайшы мәдениет үйінің алды
Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырады.