Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясы өтті
OTPANNEWS.KZ. – 5 қазан күні Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясы өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сессия барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жиынға облыстық мәслихаттың депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, мемлекеттік органдар мен аумақтық департаменттердің басшылары, сондай-ақ өңірдегі ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сессия барысында көтерілген мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов өңір үшін маңызды мәселелерді сапалы әрі уақтылы шешудің маңыздылығын атап, қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауды тапсырды.