Otpan News Logo

Қазақстан балуаны әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

|
06.10.2026 14:22
Қазақстан балуаны әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

БАКУ. OTPANNEWS.KZ - Бакуде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан балуаны алғашқы айналымда есе жіберді. 


73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Аңсарбек Ғайнуллин Франция дзюдошысы Дайян Булемтафеске төреші ескертуі нәтижесінде жол берді. Белдесу барысында Қазақстан балуаны әдіс жасауға талпынғанымен, еш нәтиже бермеді. Осылайша ол чемпионатты ерте аяқтауға мәжбүр болды. 


Бүгін Қазақстан құрамасынан тек жалғыз балуан күресті. Ертең 81 келіде Абылайхан Жұбаназар мен Жалғас Қайролла мен Есмигүл Куюлова (63 кг) сынға түседі. Айта кететін жайт, Куюлова бір апта бұрын Азия ойындарында өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанған. 


Әзірге ұлттық құрама балуандарының еншісінде жалғыз жүлде ғана бар. Ол 60 келіде белдескен Шерзод Давлатовқа тиесілі. Отандасымыз 4 қазан күні финалға дейін жетіп, шешуші сында әзірбайжандық Ахмад Юсуповтан жеңілген еді. 


Сондай-ақ, Аман Бақытжан (60 кг), Абиба Әбужақынова, Ғалия

34
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!