Otpan News Logo

Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

|
06.10.2026 15:50
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

OTPANNEWS.KZ - Бұл туралы ІІМ мәлімдеді. 


«ІІМ Әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде қызметке салғырт қарағаны үшін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-ранжирлі капитанды ұстап, уақытша ұстау оқшаулағышына жапты», – деп хабарлады ҚР ІІМ.


Еске салсақ, Қанат Ниязбеков 2025 жылғы 15 тамызда ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған. Алайда Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығудағы қайғылы оқиғадан кейін 2026 жылғы 3 қазанда бұл қызметінен босатылды.

11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!