Otpan News Logo

Ыбықты сайдағы жартасқа таспен жазу жазған ер адам ұсталды

Ыбықты сайдағы жартасқа таспен жазу жазған ер адам ұсталды

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстауда Ыбықты сайдағы жартас бетіне таспен жазу ойып, табиғи нысанға зақым келтірген 34 жастағы ер адам ұсталды.


Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.


Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Іске қатысты өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.


Полиция табиғи нысандарды бүлдіруге болмайтынын ескертті.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!