Otpan News Logo

Маңғыстауда бірнеше судья қызметінен босатылды

|
06.10.2026 14:53
Маңғыстауда бірнеше судья қызметінен босатылды

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысының соттарында бірқатар өзгеріс болды.


Президент тиісті Жарлыққа 1 қазанда қол қойған.


Жарлыққа сәйкес, Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Марал Сейітова қызметінен босатылып, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы болып тағайындалды.


Сондай-ақ Маңғыстау облысының бірқатар судьясы қызметінен босатылды.


Атап айтқанда, Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Серікқали Бердібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.


Сондай-ақ Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Тұрар Алданов өз қалауы бойынша қызметінен босатылды.


Мұнайлы аудандық сотының судьясы Қанат Нұрғабылұлы да басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!