Otpan News Logo

Маңғыстау мен Малайзия ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

|
06.10.2026 15:02
Маңғыстау мен Малайзия ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли бин Абдулламен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Малайзия тарапы Маңғыстаудың мұнай-газ, логистика, туризм және энергетика салаларындағы әлеуетіне қызығушылық білдірді. Елші өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін Малайзияның іскерлік қауымдастығына таныстыруға дайын екенін атап өтті.


Елші Мохд Адли бин Абдулланың айтуынша, Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары.


Өз кезегінде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау мен Малайзия арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға қолдау көрсетілетінін жеткізді.


- Малайзияда өнеркәсіп, электроника, қаржы жүйесі, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп, логистика, автокөлік, туризм, IT және білім беру салалары жақсы дамығаны бізге мәлім. Осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.


Айта кетейік, 2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Малайзия арасындағы сыртқы сауда айналымы 233 мың АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі - 5 мың АҚШ доллары, импорт көлемі - 228 мың АҚШ доллары.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!