Ақтауда сабақ үстінде төбелескен оқушылардың ата-аналары айыппұл арқалады
АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ –Ақтаудағы №1 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары дене шынықтыру сабағы кезінде төбелесіп қалған. Жанжалға қатысқан жасөспірімдер анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген.
Ақтау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 5 қазанда болған. Дене шынықтыру сабағы кезінде жоғары сынып оқушылары арасында түсініспеушілік туындап, арты төбелеске ұласқан.
Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі оқушылардың ата-аналарымен және мектеп инспекторымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Тараптар өзара келісімге келіп, бір-біріне қатысты арыз-шағымы жоқ екенін айтқан.
Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды, - деп мәлімдеді Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі.
Ал Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысқан жасөспірімдер анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.
Полиция балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың бұзақылығы үшін ата-аналары жауапкершілікке тартқан. Оқиғаға қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданған. Ал оқушылар профилактикалық есепке қойылған.