Маңғыстаулық мұнайшы «Мұнай-газ саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров маңғыстаулық мұнайшы, тәжірибелі маман Әлменбет Сүйірбаевті «Мұнай-газ саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Әлменбет Сүйірбаев 1963 жылы 17 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы Маңғыстау облысы Шетпе кентіндегі СПТУ-5 өндірістік оқыту шебері болып бастаған ол, кейіннен мұнай-газ саласына түбегейлі бет бұрған. «Қаламкас» кенішінде слесарь, «Арман» бірлескен кәсіпорнында күзетші, әр түрлі жұмысшы, оператор, аға оператор, кеніш басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2016 жылдың 1 қазанынан бастап «Арман» біріккен кәсіпорны» ЖШС кенішінің басқарушысы қызметін абыроймен атқарып келеді.