Түпқарағанда құқықтық-профилактикалық керуен өтеді
OTPANNEWS.KZ. - 6 қазан күні сағат 12:00-де Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық-профилактикалық керуеннің кездесуі өтеді.
Кездесудің негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.
Іс-шара барысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық сектордың және тиісті сала мамандарының өкілдері тұрғындармен ашық форматта кездесіп, азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша құқықтық кеңес пен нақты түсіндірмелер береді.
Форт-Шевченко тұрғындары мамандарға өз сұрақтарын тікелей қойып, заң талаптарына қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ жеке мәселелері бойынша консультация алуға мүмкіндік алады.
Өтетін орны: Орталық алаң, Форт-Шевченко қаласы
Ұйымдастырушылар Түпқараған тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырады.