Otpan News Logo

Азия ойындары: Маңғыстау дзюдошысы қола жүлде үшін күресте есе жіберді

|
30.09.2026 15:20
Азия ойындары: Маңғыстау дзюдошысы қола жүлде үшін күресте есе жіберді
Фото: ҚР дзюдо федерациясы

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында маңғыстаулық Меруерт Сәрсенова бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Otpannews.kz.


Әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен татами шебері қола жүлде үшін күресте жапон балуанына жол беріп, жүлдеден тыс қалды.


Жерлесіміз бүгінгі жарыста ширек финалға дейін жетті. Ол іріктеу кезеңінде Лаос спортшысын жеңді. Алайда жартылай финалға шығар жолда Өзбекстан өкілі Сита Кадамбоевадан жеңіліп қалды. Ал жұбаныш белдесуінде Тәжікстан спортшысы Мәдина Курбонзодадан қосымша уақытта айласын асырып, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.


Айта кетейік, бүгін татамиге шыққан Елдос Сметов (60 кг) пен Абиба Әбужақынова (52 кг) финалда жапон спортшыларына жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Сметов араға 12 жыл салып, құрлық ойындарының финалында өнер көрсетті.


Сондай-ақ ұлттық құрама балуаны Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлде үшін белдесуде Қытай спортшысына есе жіберіп, қосымша уақытта юко ұпайымен бесінші орынға жайғасты.


Дзюдодан белдесулер 2 қазанға дейін жалғасады.

133
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!