Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау шетелдік саяхатшылар жиі таңдайтын бағытқа айналды

|
28.10.2025 09:58
Маңғыстау шетелдік саяхатшылар жиі таңдайтын бағытқа айналды
МО әкімдігі

Маңғыстау облысы осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 213 мыңнан астам турист қабылдап, саяхатшылар жиі таңдайтын бағыттың біріне айналды. Оның ішінде ішкі туристер саны – 194,9 мыңды, шетелдік саяхатшы – 18,3 мыңды құрады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Оразбаева айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Спикердің айтуынша, Маңғыстау республика көлемінде үздік алты бағыттың легіне енсе, шетелдік туристерді қабылдау бойынша 3-орынға көтерілді.


- Туристік инфрақұрылымды жақсарту мақсатында «Маңғыстау», «Бейнеу» және «Шетпе» теміржол вокзалдарына реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Кендерлі курорттық аймағында жаңа әуежай құрылысы жүріп жатыр. Биыл Ресейдің Екатеринбург және Қазан қалаларынан маусымдық чартерлік рейстер ашылып, 9,4 мың шетелдік турист келді. Айта кету керек, әуе билеттері бағасын төмендету мақсатында Ақтау-Қызылорда, Ақтау-Павлодар, Ақтау-Өскемен, Ақтау-Орал бағыттарын субсидиялау мәселесі қарастырылуда. 2028 жылға дейін Ақтау халықаралық әуежайын жаңғырту жобасы іске асады, терминал кеңейтіліп, жаңа VIP және CIP аймақтары салынады. Нәтижесінде өткізу аймақтары кеңейіп, 1,5 млн-нан 2,5 млн жолаушыға дейін пайдаланады, - деді Жанар Оразбаева.


Сондай ақ, спикер брифинг барысында 2025–2028 жылдары облыс аумағында 17 ірі туристік жоба жүзеге асатынын атап өтті.


- Олардың қатарында «Town Center» сауда-ойын-сауық кешені, «Bozjyra Safari Hotel» және «Ayrakty Safari Hotel», «Wyndham Garden Aktau» қонақ үйі, «Tary» этно-кофеханасы мен визит-орталығы, заманауи курорттық шипажайлар мен гольф-отельдер бар. Ақтау қаласының жағалауында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, туристер мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырылуда, - деді Жанар Оразбаева.
43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!