Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда түркітілдес елдер инклюзивті спортты дамыту мақсатында бас қосты

|
27.10.2025 11:06
Ақтауда түркітілдес елдер инклюзивті спортты дамыту мақсатында бас қосты

Ақтауда «Инклюзивті спорт: түркі әлемінің тәжірибесі мен болашағы» халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Форумға Маңғыстау облыстық «Бочча» паралимпиадалық спорт түрі федерациясының президенті Жаңбырбай Матаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, Ақтау қаласындағы Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің бас консулдықтары, сондай-ақ түркі мемлекеттерінен және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен қонақтар, мәслихат төрағалары мен депутаттары, қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, медицина қызметкерлері қатысты.


Форумда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев сөз сөйлеп, шараның түркітілдес мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті.


- Бүгінгі форум өте маңызды. Бұл іс-шара түркітілдес мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған. Биыл Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы. Осы жоба аясында өңірімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл форумға келген қатысушылар, түрлі сала мамандары тәжірибе алмасып, кәсібилігін шыңдайды. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз , - деді Аббат Өрісбаев.


Іс-шарада инклюзивті спортты дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, бочча спортын әлеуметтік интеграцияның маңызды құралы ретінде ілгерілетуге қатысты шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, қатысушы елдер халықаралық форум мен турнирді тұрақты түрде өткізу жөніндегі бастаманы қолдады, ұлттық федерациялар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты, инклюзивті спортты дамыту тұжырымдамасын әзірлеу үшін ортақ жұмыс тобын құруды ұсынды, бейімделген спортты білім беру бағдарламаларына енгізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар бочча бойынша халықаралық турнирлер және оқу семинарларын ұйымдастыру жоспарланды.


Жиын соңында Маңғыстау облыстық «Бочча» паралимпиадалық спорт түрі федерациясының президенті Жаңбырбай Матаев сала мамандарын алғыс хатпен марапаттады.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!