Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Baby Skills» жобасы: Маңғыстауда балалар мамандықты ерте жастан таңдайды

|
27.10.2025 13:47
«Baby Skills» жобасы: Маңғыстауда балалар мамандықты ерте жастан таңдайды

Ақтаудағы №46 «Балбұлақ» бөбекжайында балаларға болашақ мамандығын ерте жастан таныстырып, еңбекке баулуға бағытталған «Baby Skills» жобасын сәтті жүзеге асып келеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бөбекжайдың әдіскері Алима Қобланованың айтуынша, «Baby Skills» жобасы 2021 жылдан бастап қолға алынды. 


- Алғашқы жылы бөбекжайымыздың балалары 6 құзыреттілік бойынша еңбек дағдыларын меңгерсе, биыл 8 құзыреттілік бойынша арнайы бағдарламаны меңгеріп отыр. Атап айтқанда, бүлдіршіндер наубайшы, кондитер, киім дизайнері, тәрбиеші, мерчендайзер сынды жұмысшы мамандықтардың қыр-сырын меңгеруге алғашқы қадамдарын жасады, - дейді Алима Реджепқызы.


Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру үшін бөбекжай өңірдегі Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжімен, Ақтау технологиялық колледжімен, сондай-ақ Туризм колледжімен бірлесіп, балаларға арнайы шеберлік сағаттарын ұйымдастырады, кәсіптік дағдыларды үйретеді. Бұдан бөлек, балалар ата-аналардың келісімімен колледждерге экскурсия жасап, оқу орындарының шеберханаларымен танысады, мамандық иелерімен жүздесіп, қызықты ақпарат алады.


Жоба барысында балалар түрлі кәсіби ортада өздерін сынап көруге мүмкіндік алып, қалалық деңгейде өткен «Baby Skills» байқауында марапатқа ие болды. Бүлдіршіндер жобаның бір бөлігі ретінде «Rixos» қонақүйінде демалып, есте қаларлық күн өткізді. 


Алима Қобланова жоба тек кәсіптік бағдар беріп қана қоймай, балаларды еңбекке баулуға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және тәртіпке үйретуге бағытталған деп атап өтті.

32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!