Ақтауда тұрмыстық техника жөндейтін орталықтағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға бүгін таңертең 9:03 шамасында 32 «В» шағын ауданындағы №83 үйде, «Асия» тұрғын үй кешенінің жертөлесінде орналасқан тұрмыстық техника жөндейтін «Invertor» орталығында болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 292-бабы, яғни «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу және жедел шаралар жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жарылыс салдарынан бес адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді. Қаза болғандар жоқ.
24
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев