Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау тұрғындары Республика күні «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда

|
25.10.2025 14:59
Маңғыстау тұрғындары Республика күні «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Маңғыстау облысында белсенді жалғасуда. Аймақ бойынша сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Акция аясында көшелерді абаттандыру, тұрмыстық қалдықтарды шығару, жасыл желекті қорғау және жастарға экологиялық мәдениеттің негіздерін түсіндіру бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Жуырда өңірде акцияға қолдау білдіру мақсатында арнайы челлендж бастау алды. Оған жергілікті кәсіпорындар мен тұрғындар белсенді түрде қатысуда.


25 қазан – Республика күні қарсаңында аймақ тұрғындары туған қаласын көркейтуге үлес қосып, көшелерді тазалап, тал егіп, игі іске бірлесе атсалысты. Сонымен қатар коммуналдық қызмет мамандары да мерекеге дайындық барысында қала тазалығын қамтамасыз ету бағытында күндіз-түні жұмыс жүргізді.


«Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңір экологиясын жақсартуға бағытталған іс-шаралар күшейтіле бермек.

59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!