Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда халықаралық бочча турнирі басталды

|
27.10.2025 18:51
Ақтауда халықаралық бочча турнирі басталды

Ақтауда түркітілдес елдер арасында тірек-қимыл аппараты зақымдалған ересек спортшылардың қатысуымен халықаралық бочча турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


“Құрметті халықаралық бочча турниріне қатысушы спортшылар! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Ақтауға қош келдіңіздер! Бүгінгі халықаралық турнир – тек Ақтау үшін емес, еліміз үшін де маңызды дода. Бочча спорты – табандылықты талап ететін, елімізде енді ғана дамып келе жатқан жас спорт түрі. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің әр өңірінде осы спорт түріне аса мән берілуде”,- ҚР Парламент Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев. 


Бочча – паралимпиадалық спорт түрі. Ол дәлдік пен төзімді шыңдауға арналған спорт түрі. Бұл спорт түрі бүгінде әлемнің 80-нен астам елінде дамып келеді. Боччаның бастауы ежелгі Римнан бастау алған. Ал паралимпиадалық спорт түрінде 1970 жылы қалыптасқан. Спортшылары 4 сыныпқа бөлініп жарысатын бұл спорт түрі елімізге келгеніне көп болмаған. Қазақстандағы бочча федерациясы алғаш рет 2021 жылы құрылды. Қазіргі таңда елімізде осы спортпен айналысатын 300 адам бар, ал ұлттық құрамада – 48 спортшы. 


Ұйымдастырушылардың айтуынша, облысымызда бочча федерациясы 2024 жылы құрылды. Ақтау, Жаңаөзен қалаларында барлағы – 40 параспортшы бар. Бүгінгі жарыс облыстық бочча федерациясының бастауымен, Ақтау – түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы атануына байланысты ұйымдастырылып отыр. 


“Бочча - қайсар мінез бен асқақ рухты дәріптейтін бірегей спорт түрі. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде бұқаралық және инклюзивті спорт дамып келеді. Түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда өтіп жатқан бүгінгі турнир - бочча спортының елдегі даму үдерісінің жарқын үлгісі. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін”,- деді ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев. 


Айта кетейік, халықаралық турнир 26-31 қазан аралығында өтеді.

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!