Ақтауда газ-ауа қоспасының жарылысы болып, 5 адам зардап шекті
28 қазанда 32В шағынаудандағы «Азия» тұрғын үй кешенінде орналасқан қызмет көрсету орталығының жертөлесінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
«Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 5 көлігі жедел жәрдем бригадасымен бірге оқиға орнына дереу жіберілді»,- деді департамент өкілдері.
Құтқарушылар келген бойда газ-ауа жарылысы болғанын, содан кейін өрт шыққанын анықтады. Өрт толығымен сөндірілді, оқиғаның себебі анықталуда.
Жарылыс толқыны жертөле мен бірінші қабаттағы пәтерлердің терезе жақтауларын зақымдады, көршілес құрылыс алаңындағы тас қоршауды (шамамен 10 метр ұзындықтағы) қиратып, бірнеше көлікке зақым келген.
Оқиға салдарынан бес адам жарақат алды, олардың барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев