Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«ҚТЖ» Бейнеу станциясындағы тұрмыстық жанжал фактісі бойынша тексеру жүргізеді

«ҚТЖ» Бейнеу станциясындағы тұрмыстық жанжал фактісі бойынша тексеру жүргізеді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Бейнеу станциясының жол дистанциясы қызметкерлерінің бейнеөтініштері тарағаннан кейін аталған жағдай бойынша тексеру бастайтынын хабарлады, деп жазады otpannews.kz.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, жағдай тұрмыстық сипатта өрбіп отыр және жекелеген қызметкерлер мен өңірлік бөлімше басшылығы арасындағы түсініспеушілікпен байланысты. 


Мәселені объективті және жан-жақты зерттеу мақсатында Маңғыстау өңіріне ҚТЖ орталық аппаратының және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының жұмыс тобы жіберіледі. Мамандар қызметтік тексеру жүргізеді және өтініштерде баяндалған фактілерге баға береді, - делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта компания басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тексеру қорытындысы бойынша еңбек заңнамасына және ішкі нормативтік актілерге сәйкес тиісті ұйымдастырушылық шешімдер қабылданатын болады. 

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!