Otpan News Logo

Жаңаөзендегі сайлау учаскелерінде жәрмеңке, көрмелер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды

|
29.11.2026 18:05
Жаңаөзендегі сайлау учаскелерінде жәрмеңке, көрмелер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды

Жаңаөзен қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде дауыс беру күні тұрғындарға арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, №71, 72, 73, 74, 81, 89, 96, 100, 101, 102, 104 және 109 сайлау учаскелерінің аумағында жергілікті өнімдер жәрмеңкесі, көрмелер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.


Жәрмеңкеде жергілікті кәсіпкерлер мен тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылып, тұрғындар отандық өнімдермен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Іс-шаралар жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға, өңірлік өнімдерді танытуға және ұлттық өнерді насихаттауға бағытталды.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!