Otpan News Logo

Маңғыстауда мәйітті ашпай зерттеуге мүмкіндік беретін томограф орнатылды

|
25.11.2026 11:33
Маңғыстауда мәйітті ашпай зерттеуге мүмкіндік беретін томограф орнатылды

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстау облыстық сот сараптамалары институтына мәйітті зерттеуге арналған заманауи компьютерлік томограф орнатылды. Жаңа құрылғы мәйітті ашпай-ақ ішкі ағзалар мен сүйек құрылымдарын зерттеуге мүмкіндік береді.


Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай институтқа барып, жаңа жабдықтың техникалық мүмкіндіктерімен және жұмыс барысымен танысты.


Компьютерлік томограф Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалына жеткізілген. Құрылғы толық іске қосылғаннан кейін мамандар мәйітті сканерлеу арқылы ішкі ағзалар мен сүйек құрылымдарының жай-күйін анықтай алады.


Бұл технология сот-медициналық сараптаманың мүмкіндіктерін кеңейтіп, зерттеу нәтижелерінің дәлдігін арттыруға және сараптама жүргізу сапасын жақсартуға ықпал етеді.


Кездесу барысында филиал басшылығы сот-сараптама саласын дамытуға және мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көрсетілген қолдау үшін облыс әкіміне алғыс білдірді.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!