Otpan News Logo

Үнсіз қалма! Ақтауда гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық акция басталды

|
25.11.2026 11:36
Үнсіз қалма! Ақтауда гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық акция басталды

OTPANNEWS.KZ.- Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» республикалық акциясы өткізіледі. Бұл туралы Ақтау қаласы полиция басқармасы хабарлады.


Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және оның жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының орнын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау және зорлық-зомбылыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.


Акция аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы, Дағдарыс орталығы және Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары, флешмобтар мен кездесулер өткізіліп жатыр.


Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Үнсіз қалма!

Көмекке мұқтаж болсаңыз – 102

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!