Otpan News Logo

Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізеді

|
18.11.2026 10:24
Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізеді

Жастар ортасында студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне кешенді тексеру жүргізеді.


ҚазҰУ-ға мониторингтік топ жіберіледі. Топ студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірі мен денсаулығын қорғау бөлігінде заңнама мен ішкі құжаттар талаптарының сақталуын зерделейді, сондай-ақ тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін бағалайды.



Жанжалды жағдайларды анықтау мен алдын алудың, студенттердің өтініштеріне уақтылы ден қоюдың және оларға психологиялық көмек көрсетудің қолданыстағы тетіктеріне ерекше назар аударылады.


Тексеру қорытындысы бойынша студенттік ортада қауіпсіздікті арттыру және профилактика жүйесін жетілдіру жөнінде қосымша шаралар әзірленеді.

27
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!