Otpan News Logo

Маңғыстауда қандай мамандықтарға сұраныс артады?

|
17.11.2026 12:04
Маңғыстауда қандай мамандықтарға сұраныс артады?
ЖИ

OTPANNEWS.KZ. – Облыстық экономика басқармасының бағалауынша, жаңа өндірістік және логистикалық жобалардың жүзеге асырылуы өңірде білікті мамандарға деген сұранысты арттырады.


Атап айтқанда, Маңғыстау өңіріне инженерлер, техникалық мамандар, құрылысшылар, логистер, IT саласының мамандары және туризм саласының қызметкерлері қажет болады. Сонымен қатар су тұщыту кәсіпорындары мен энергетикалық инфрақұрылымның дамуы энергетика бағытындағы мамандарға деген қажеттілікті арттырмақ.


«Осыған байланысты жергілікті кадрларды даярлау, кәсіптік білім беру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту ерекше маңызға ие. Бұдан бөлек жаңа кәсіпорындардың ашылуы жергілікті кәсіпкерлер үшін де қосымша мүмкіндіктерге жол ашады. Шағын және орта бизнес ірі өндірістік жобалардың жеткізу тізбегіне белсенді қатысып, тауарлар мен қызметтер ұсынып, жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік алады», – деп хабарлады басқарма өкілдері.
9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!