Otpan News Logo

Президент «Қазақстан темір жолы» жұмысын сынға алып, көлік саласына нақты тапсырмалар берді

Президент «Қазақстан темір жолы» жұмысын сынға алып, көлік саласына нақты тапсырмалар берді

OTPANNEWS.KZ – Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласындағы ахуалды сынға алып, инфрақұрылымды жаңа жағдайға дер кезінде бейімдеу стратегиялық дамудың шешуші факторы екенін жеткізді.


🔹Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметін қатаң сынап, кірісті арттыру, қызметті оңтайландыру, соның ішінде цифрландыру құралдары арқылы компанияның жұмыс тиімділігін көтеру міндетін қойды.


🔹Президент логистика орталықтарын кеңейту, шекаралық және кедендік рәсімдерді жетілдіру, саладағы барлық үдерісті кешенді цифрландыру, сондай-ақ жүктердің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдағы кедергілерді жою мәселелеріне айрықша тоқталды.


🔹Бұдан бөлек, «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтай отырып, инвесторларға, көлік-логистика компанияларына барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігіне назар аударылды.


🔹Осы орайда, Президент «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді.


🔹Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға көлік-транзит саласын одан әрі дамыту және Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.


🔹Тапсырмалардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратына жүктелді.

25
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!