Otpan News Logo

Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды

|
17.11.2026 15:49
Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды

OTPANNEWS.KZ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 16 қарашадағы бұйрығымен полковник Дастан Аманкешұлы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.


Дастан Аманкешұлы 1984 жылғы 27 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген.


2006 жылы Көкшетау техникалық институтын үздік дипломмен тәмамдаған. Сондай-ақ магистратура мен адъюнктураны аяқтаған. Техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қауымдастырылған профессор.


Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Әр жылдары Ақмола гарнизонында, Көкшетау техникалық институтында және Ақмола облысы ТЖД-де түрлі басшылық және оқытушылық лауазымдарда қызмет атқарған.


2021 жылдан бастап Маңғыстау облысы ТЖД жүйесінде қызмет етіп келеді. Бұған дейін Төтенше жағдайларды жою бөлімін, кейін басқармасын басқарса, 2025 жылғы желтоқсаннан бастап Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы лауазымында болды.


60-тан астам ғылыми мақаланың, 6 оқу құралы мен 2 монографияның авторы. «Қазақстанның жыл мұғалімі – 2019» республикалық байқауының жеңімпазы.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!