Маңғыстауда мұнай-газ қызметкерлерімен өткен кездесуде Жолдау жан-жақты талқыланды
Жиынға Қазақстан халық кеңесінің мүшесі және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов, Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі, эколог Кирилл Осин, сондай-ақ «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Кирилл Осин еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге тоқталды.
-Соңғы жылдар ішінде елімізде ауқымды саяси жаңғырулар мен терең өзгерістер болды: жаңа Конституция қабылданды, вице-президент институты, біздің ел тарихында алғаш рет бірпалаталы Парламент, сондай-ақ «Қазақстан Халық Кеңесі» атынан жаңа консультативтік орган құрылды. Президент алдымызға экономикалық трансформация жасау, экономиканы, адами әлеуетті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін қойды. Осы орайда екі негізгі бағытқа баса назар аударылды: «Халықтық құрылыс» және «Жаңа цифрлық экономика». Осы орайда көптеген жобалар жүзеге асады.
Бүгінде күнделікті өмірімізде цифрлық қосымшалар мен жасанды интеллект кеңінен қолданылуда. Президент жасанды интеллектті тек тұрмыстық деңгейде ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару сияқты барлық салаларға енгізуді тапсырды. Қазақстан мемлекеттік қызметтерді көрсетудің цифрлық сервисі бойынша әлемнің топ-10 елінің қатарына кірді. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуы ірі қалалар мен ауылдық жерлердің арасындағы алшақтықты жойып, әрбір азаматқа тең мүмкіндіктер мен бәсекеге қабілетті болуға жол ашады, – деп атап өтті Кирилл Осин.
Кездесу соңында мұнай-газ қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.