Ақтауда «CYBER SANA» цифрлық форумы өтеді
OTPANNEWS.KZ – 19 қараша күні Ақтауда цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне арналған «CYBER SANA» форумы өтеді. Іс-шарада интернет-алаяқтықтың алдын алу, жеке деректерді қорғау және отбасы мүшелерінің онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.
Форум барысында қатысушыларға цифрлық кеңістіктегі қауіп-қатерлер, алаяқтардың қолданатын әдістері және интернетте қауіпсіз әрекет ету жолдары туралы ақпарат беріледі.
Іс-шараға Төлепберген Байсақалов, Дина Тасбулатова, Ильяс Копжасаров (Junior), Шолпан Тусипбекова және Қайрат Хасанов спикер ретінде қатысады. Сонымен қатар полиция, Ұлттық банк және экономикалық тергеп-тексеру органдарының мамандары цифрлық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пайдалы кеңестерімен бөліседі.
Форум аясында қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, интерактивті куизге қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Іс-шара 19 қараша күні сағат 15:00-де «Хан Шахар» салтанат сарайында өтеді. Кіру тегін. Форумға барлық тұрғын қатыса алады.
Айта кетейік, шараны «Эко Маңғыстау» қоғамдық ұйымы ұйымдастырады. Форум Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өтеді.