Otpan News Logo

Маңғыстауда балық шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр

|
17.11.2026 11:32
Маңғыстауда балық шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстау облысында балық шаруашылығын дамыту, аквашаруашылық өндірісін кеңейту және салаға инвестиция тарту бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар өңірде балық өндірісінің көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


2025 жылы облыстағы тауарлы балық өсірумен айналысатын кәсіпорындар 77 тонна өнім өндірді. Қазіргі таңда өңірде алты аквашаруашылық субъектісі жұмыс істейді. Ал 2026 жылы 15 мың тоннадан астам тауарлы балық өсіру жоспарланған.


Салаға инвестиция тарту мақсатында бекіре тұқымдас балықтарды өсіру және тағамдық уылдырық өндіру бойынша үш ірі жобаны іске асыру көзделіп отыр.


Сондай-ақ «Organic Fish» ЖШС Қарақия ауданында жылына 5 мың тоннаға дейін балық өндіретін жобаны жүзеге асыруда. Жоба аясында 84 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.


Балық шаруашылығын дамытуда ғылыми-зерттеу жұмыстарына да басымдық берілуде. Атап айтқанда, Каспий албыртын жасанды жолмен инкубациялау әдістемесі әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Бұл технология бағалы балық түрін өңір жағдайында өсіруге жол ашады.


Аталған жобалар Маңғыстауда аквашаруашылық өндірісін дамытуға, балық өнімдерінің көлемін арттыруға және өңірдің инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!