Елімізде соңғы 5 жылда 1000-ға жуық медицина нысаны ашылды
Бұл туралы Президент бүгінгі Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтау барысында айтты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есе артқан. Шетелдің 33 беделді университеттерінің филиалы ашылды.
Ұлт саулығын жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылданып, 2020 жылдан бері медицина саласына бөлінетін қаржы 3 есе артты. 927 медицина нысаны ашылды. Еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты.
«Қазақстан – Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Сондықтан біз осы жауапты, құрметті миссияны міндетті түрде орындаймыз. Әлеуметтік стратегиямыз тиімді, әділетті болуы керек.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл өскелең ұрпақ үшін жасалған үлкен қадам. Біз озық ойлы ұлт болуымыз керек.
Бәсекеге қабілетті ел болу үшін, ең алдымен, білім-ғылымды дамыту қажет. Сондықтан бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржыны үш есе арттырдық. Ұстаздардың жалақысын екі есе ұлғайттық. Қазіргі таңда қоғамымызда мұғалім мамандығының мәртебесі анағұрлым көтерілді. 1200 жаңа мектеп аштық. Соның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында көптеген білім ордасы бой көтерді»,- деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев