Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау ауданында мәдениет алаңы ашылды

|
26.10.2025 10:34
Маңғыстау ауданында мәдениет алаңы ашылды

Республика күнінде Маңғыстау ауданы орталығында тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне және мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жаңа мәдениет алаңы ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ғалымжан Ниязов тұрғындарды Республика күнімен құттықтады.


– Құрметті тұрғындар Республика күні құтты болсын. Еліміз өркендей берсін. Бұл жаңа алаң тек серуен мен демалыс орны емес - рух пен мәдениеттің тоғысқан, ұлт тұлғаларының өнегелі сөзі мен тағылымы үндескен ерекше кеңістік. Халық аузында «төрт құбылаң түгел болсын» деген жақсы тәмсіл бар. Сол айтқандай, мұнда еліміздің 4 өңірі - шығыс, солтүстік, оңтүстік, батысынан шыққан халқымыздың ардақты перзенттері - Абай, Мұхтар, Әлкей, Бауыржан, Өзбекәлі, Фариза, Әбіш сынды тұлғалардың даналық ойлары жазылған стеллалар орналастырылды. 

Еліміз өркендеп, руханиятымыз байи берсін! - деді аудан әкімі құттықтауында.



Салтанатты іс-шарада аудан әкімі көпбалалы анаға пәтердің кілтін табыстады. Бұл баспана кәсіпкерлер демеушілігімен берілді. Сондай-ақ әкім аудан өнерпаздарына жаңа автобустың кілтін тапсырды.


Іс-шара соңы өнер жұлдыздары мен аудан өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты.


51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!