Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда Республика күні аясында экологиялық фестиваль өтті

|
25.10.2025 17:35
Ақтауда Республика күні аясында экологиялық фестиваль өтті

Мемлекеттік мереке аясында Ақтауда GREEN BEAT фесті өтті. «Шабыттың жасыл толқыны» атауымен ұйымдастырылған іс-шара табиғат, шығармашылық пен шабыт тақырыптарын қамтыды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Экологиялық фестивальда арнайы кино аймағы мен фото-аймақтар ұйымдастырылған. Аниматорлар мен түрлі шеберлік сабақтары фест келушілерінің көңілін аулады. 


Жоба барысында эко-дәрістер мен ғылыми шоу, эко-жәрмеңке және өсімдіктер алмасу сынды бағдарламалар да болды. 


“Бұл оқиға — біздің еліміз бен қаламыздың болашағы жайында. Фест — адамдар, идея мен табиғат үйлесімділігі туралы. Біз бірге таза, жасыл, әрі жарқын болашақты құра аламыз”,- дейді ұйымдастырушылар. 


“Эко Маңғыстау” ҮЕҰ ұйымының ұйымдастыруымен өтетін бұл іс-шара жыл сайынғы дәстүрге айналған. Бүгінгі жәрмеңкеге 16 кәсіпкер қатысып, эко өнімдерін жұртшылыққа ұсынды. 


“Бұл фест қаланың тазалығы мен тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Мұнда түрлі шеберлік сағаттары, пікір алмасу, тазалық сақтау секілді түрлі тақырыптар қамтылды. Экологияны сақтау, әсіресе, ең жиі кездесетін оқиғаның бірі – мұнай қалдығы теңізге төгілсе қалай тазалау керек екендігі келушілерге үйретілді. Біздің мақсатымыз – экологиялық мәдениетті арттыру және жергілікті қолөнершілерді қолдау”,- деді “ЭКО Маңғыстау” ҮЕҰ өкілі. 
41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!