Ақтауда жол көлік апаты болды: Зардап шеккендер бар
Ақтауда 13 және 14 шағынаудандар арасындағы жолда Toyota Camry жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк тиегішпен соқтығысып, салдарынан көлік жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Ал жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция өкілдері барлық жүргізушілерді жолаушы тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық шегін және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Еске салайық, жол қозғалысы ережелерін бұзу – үлкен қасіретке әкелуі мүмкін.
59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев