Otpan News Logo

«Жылы жағажай» мен «Кендірлі» – Маңғыстаудың жаңа туристік драйвері

|
27.01.2026 10:55
«Жылы жағажай» мен «Кендірлі» – Маңғыстаудың жаңа туристік драйвері
ашық дереккөз

Үкімет Маңғыстау, Алматы және Бурабайда инфрақұрылымды кешенді дамытуды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап. 


Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Маңғыстауды, Алматы тау кластерін, Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары бекітілді.


Инфрақұрылымдар құру және дестинацияларды ілгерілету жөніндегі шаралар туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады.


Оның айтуынша, Маңғыстауда «Жылы жағажай» және «Кендірлі» аймақтарын дамытуға басымдық беріліп отыр. Абаттандырылған жаяу маршруттар, қарау алаңдары, визит-орталықтар құрылады. Туристік өнімді кеңейту есебінен қонақтардың болу ұзақтығын 10 күнге дейін ұлғайтуды және 2029 жылға қарай ағымды тағы 150 мың адамға ұлғайтуды жоспарланған.


Сондай-ақ, Алматы өңіріндегі курорттар бірыңғай жүйеге біріктіріледі: 30 жаңа аспалы жол және 161 шақырым шаңғы трассасы пайда болады. Бұл маусым қызған шақта жүктемені азайтуға және туристік ағымды 5 миллион адамға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба жоғары экономикалық әлеуетке ие, өйткені тау шаңғысы туристерінің шығындары орта есеппен $350 құрайды, бұл жағажай туристерінің шығындарынан 7 есеге көп.


- Щучье-Бурабай аймағында Қатаркөл және Жөкей көлдеріне жүктемені бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы "Променад" аймағы, 10 шақырым веложолдар мен қарау алаңдары іске қосылды, — деп атап өтті министр.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!