Otpan News Logo

«Айнадай жылтырап жатыр»: Ақтауда тұрғындар көктайғаққа байланысты шағым білдірді

|
27.01.2026 10:59
«Айнадай жылтырап жатыр»: Ақтауда тұрғындар көктайғаққа байланысты шағым білдірді

Ақтауда көктайғақтың болуы жағдайды одан әрі қиындата түсті. Қала тұрғындарының айтуынша, көліктер өрге қарай жүргенде қиындық тудырып, ал жаяу жүргіншілер тегіс жерде тайып құлаған жағдай жиілеген. Бұл туралы otpannews.kz хабарлады.


Бүгін таңертеңнен бері Ақтауда такси қызметінің бағасы да күрт өскені анық байқалды. Көрші шағынауданға барудың өзі кемінде 1000 теңгеден басталса, ал төменгі шағынаудандардан жоғары аймақтарға шығу 2000 теңгеден жоғары бағаланып отыр. Сондай-ақ, шағынаудан ішіндегі жолдар көктайғақтан жылтырап жатыр.


Ақтаулықтар коммуналдық қызметтің дайын еместігіне де наразылық білдіруде.


«Алдында болған көктайғақта ондаған адам жарақат алып, жарақат пунктіне түскен еді. Сол жағдайдан сабақ алмады ма? Неге жолдарға уақытылы құммен себілмейді? Құм жеткілікті емес пе? Таңертең үлкендер жұмысқа әрең жетті, балаларды балабақшаға апару қиындық тудырды. Неліктен коммуналдық қызметтер әрдайым дайын болмайды?» - деп шағымданды тұрғындар.


Қала әкімдігі көктайғаққа дайын екенін жиі мәлімдегенімен, іс жүзінде жаяу жүргіншілер арасындағы жарақаттар мен жол-көлік оқиғаларының саны артып отыр.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!