Otpan News Logo

Бейнеу прокуратурасы жүргізушілерге жол үстінде кеңес берді

Бейнеу прокуратурасы жүргізушілерге жол үстінде кеңес берді

Бейнеу ауданының прокуратурасы полиция, медицина қызметкерлері және психолог мамандармен бірлесіп «Ақтау – Бейнеу – Атырау» бағытындағы республикалық маңыздағы автожолда «Жолда қабылдау» профилактикалық науқан өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Акция барысында мамандар көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жылдамдық режимін асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу, мас күйінде немесе шаршаған жағдайда көлік басқармау, қарсы бағытқа шықпау, арақашықтықты сақтау, көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеру, сондай-ақ ауа райы мен жол жағдайын ескеру қажет екенін түсіндірді.


«Жолда қабылдау» акциясына қатысқан 80-нен астам жүргізушіге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы дайындаған ақпараттық парақшалар мен жаднамалар таратылған.


Сонымен қатар медицина және психолог мамандары жүргізушілердің денсаулық жағдайын тексеріп, жол үстінде өзін қауіпсіз ұстауға қатысты пайдалы кеңес берді.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы бағыттағы түсіндіру және алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

12
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!