Маңғыстауда аяз күшейді: 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, өңірге суық антициклонның келуіне байланысты Маңғыстау облысында ауа температурасы күрт төмендеп, күн суыды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Ақтауда бүгін – аяз, ауа температурасы күндізгі уақытта -6°C-тан жоғары көтерілмейді. Түнде термометр бағаны -11°C, -13°C-қа дейін төмендейді. Солтүстік-шығыстан соғатын суық желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Желдің әсерінен даладағы температура -18°C... -20°C сияқты сезіледі (Comfort level).
Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге аса сақ болу ескертіледі.
Өңірдің басқа аудандарында да жағдай күрделі. Бейнеу және облыстың солтүстігінде түнде аяз -15, -20°C-қа дейін жетуі ықтимал.
Айта кетейік, облыстың кей жерлерінде тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді.