Үкімет: Биыл Жаңаөзен-Кендірлі жолы жөндеуден өтеді
Үкімет отырысында туристік дестинациялардың көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың тез жету мүмкіндігін арттыру жөніндегі шаралар туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады. Отырыста Маңғыстау облысының туристік нысандарына көлік қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері де айтылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Өңірдегі басты жаңалық – Кендірлі курорттық аймағының әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды жобалар. Биыл Кендірлі, Катонқарағай және Зайсан аймақтарындағы әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Венаға, Римге және Шанхайға рейстерді қосқанда 15 жаңа халықаралық маршрут ашылады.
Сондай-ақ Жаңаөзен – Кендірлі және Өскемен – Катонқарағай бағыттарын қоса алғанда, негізгі көрікті жерлерге апаратын 5 мың шақырым жол жөнделуде.