Otpan News Logo

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шара жалғасып келеді

|
27.01.2026 11:37
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шара жалғасып келеді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда, деп хабарлайды otpannews.kz.


Республикалық экологиялық акциясына атсалысу мақсатында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Бейнеу ауданындағы Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің ұйымдастыруымен Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Табиғатты қорғау бастамаларына белсенді түрде тарту және экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында өтті.


Іс-шараның негізгі мақсаты - жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыру, жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатқа жанашыр көзқарасты қалыптастыру, экоәдеттерді насихаттау және аудан тұрғындарын табиғатты қорғау бастамаларына тартуға бағытталған.


Кездесу барысында, орман күзетшісі Қаржау Меңдіқұлов және өрт сөндіруші Берекет Оңайбаев мектеп оқушыларына қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын айтты. Оқушыларға табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екені түсіндіріліп, белсенді қатысуға шақырды.


Сам орман шаруашылығы 2025 жылы орман қоры аумағында орналасқан кардондарға, Бейнеу ауданындағы Есенғали орманына, мекеме ауласына, Ақжігіт ауылына және саябағында сенбілік жұмыстарын жүргізген. Мекеме ауласында гүлзар ашылып, сонымен қатар 2026 жылыда «Таза Қазақстан» акциясын бастамаға ала отырып ауыл және орман қоры аумағының тазалығын қадағалайды жалғастырады. Бұдан бөлек, тұрақты сенбіліктер өткізіліп, оған ауыл тұрғындарын белсене қатысуға шақырды.

74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!