Otpan News Logo

Ақтауда көктайғақ: Екі күн ішінде 100-ге жуық адам жарақаттанды

|
27.01.2026 10:16
Ақтауда көктайғақ: Екі күн ішінде 100-ге жуық адам жарақаттанды

Ақтаудағы қолайсыз ауа райы мен жолдардағы көктайғақ тұрғындар үшін қауіпті болып тұр. Кеше, 26 қаңтардан бері 94 адам түрлі жарақаттармен медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, 26 қаңтарда 91 адам қабылдау бөліміне жүгінді. Ал 27 қаңтар (таңертеңгі мәлімет) тағы 3 адам дәрігерлер көмегіне мұқтаж болды. 


Жалпы келушілердің ішінде 6 науқас стационарлық ем қабылдау үшін ауруханаға жатқызылды.


Мамандардың айтуынша, қала тұрғындары көбіне құлаған кезде қол және аяқ сүйектерін, сондай-ақ буындарын жарақаттаған. Барлық келушілер жедел түрде рентгенологиялық тексеруден өткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілуде.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!