Otpan News Logo

«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны

|
27.01.2026 10:22
«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны

Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметі туралы (2025 жыл бойынша) мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсыну науқаны басталғанын еске салады.


Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылуы тиіс.


«ҮЕҰ Дерекқорына» мәлімет ұсыну ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа, гранттарға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық конкурстарына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.


Мәліметтер «Еsep.govtec.kz/npo» цифрлық платформасы арқылы қабылданады және белгіленген Қағидаларға сәйкес ұсынылады.


Мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы әрі дұрыс ұсынбау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.

Сұрақтар пайда болған жағдайда, облыстың қала-аудандарындағы ішкі саясат бөлімдерінің, сондай-ақ ҚР МАМ және «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның қызметкерлерімен келесі мәліметтер арқылы байланыса аласыз:

ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті, тел: 74-04-28, 74-04-20.

Техникалық қолдау «ЦҮҚО» ШЖҚ РМК - center@govtec.kz.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!