Otpan News Logo

«Жылу бір күн ерте өшірілді»: Ақтау тұрғындары суық түнді бастан өткерді

|
15.04.2026 11:10
«Жылу бір күн ерте өшірілді»: Ақтау тұрғындары суық түнді бастан өткерді
Ашық дереккөзден

Ақтау қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, жылу беру маусымы 15 сәуірде аяқталуы тиіс еді. Алайда ПИК пен МИБ 14 сәуір күні түстен кейін жылуды өшіріп тастаған. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл 15 сәуір сағат 00:00-де басталған жылу желілерін сынау жұмыстарына байланысты болып отыр, деп хабарлайды otpannnews.kz.


«МАЭК» ЖШС-нің ақпараты бойынша, 15 сәуір күні құбыр желілерінің жылу тасымалдағыштың есептік температурасына сынақтан өткізіледі.


«Пайдаланудағы жылу желілері кемінде екі жылда бір рет жылу тасымалдағыштың есептік температурасына сынақтан өткізілуі тиіс. Бұл құбырлардың ықтимал ақауларын дер кезінде анықтау, сондай-ақ температуралық деформация жағдайында жылу желілерінің өтемдік қабілетін тексеру үшін қажет. Сынақ жұмыстары жүргізілетін кезеңде Ақтау қаласында ыстық су уақытша өшіріледі. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сынақ кезінде жылу желілерінің құбырларына 10 метрден жақын бармауларыңызды сұраймыз. Құбырларда су ағып кету немесе жарылу жағдайлары анықталған жағдайда, дереу хабарласу маңызды. Шағынаудандардағы жылу желілері бойынша – «КЖСА» МКК-ға: 60-53-16, 60-53-22, ал магистральдық жылу желілері бойынша – «МАЭК» ЖШС-не: 561-498, 561-418 нөмірімен байланысу қажет. Сынақ жұмыстары аяқталып, температуралық режим қалпына келтірілгеннен кейін және ақаулар анықталмаған жағдайда, қала бойынша ыстық су қайта беріледі», - деп жазылған «МАЭК» ЖШС хабарламасында.



 

40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!