Otpan News Logo

Ақтауда теңіз жағалауы жаңарады

Ақтауда теңіз жағалауы жаңарады

Ақтауда жалпы ұзындығы шамамен 4 шақырымды құрайтын жағажай аумағын дамыту көзделген. Атап айтқанда, пирстер салу, жағалау бойында демалыс аймақтарын ұйымдастыру, жаяу жүргінші жолдарын төсеу, баспалдақтар мен пандустарды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, көлеңкелі беседкалар салу, сондай-ақ заманауи сәулеттік нысандарды орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың әлеуметтік міндеттемелері есебінен жүргізіледі. Жобаның алғашқы кезеңінде ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын аумақты (I Love Aktau инсталляциясынан жартасты соқпаққа дейінгі аралық) жаңадан абаттандырады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын бастау үшін арнайы техника және адам күшін жұмылдыру жұмыстары жүргізілуде. 


Жобаның екінші кезеңінде «Самал» шағынауданынан бастап 7a шағынауданына дейін (I Love Aktau инсталляция) қайта жаңғыртады. 


Ақтау қалалық құрылыс бөлімі уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуды сұрайды.

81
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!