«Суды үнемдеу - бізден басталады: Дарынды оқушылар игі бастаманы қолдады»
Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында ашық сабақ өтті. Шараға мәслихат депутаты мен білім басқармасы басшысының орынбасары қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.
«Суды үнемде - болашақты сақта» атты ашық сабақ еркін форматта өтіп, оқушылар өзара пікір алмасты. Спикерлер суға байланысты сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген оқушыларға арнайы қойын дәптер сыйлады.
"Оқушылар озық деңгейлі заманда өмір сүріп, әлеуметтік желіден көптеген информацияны алып жүр. Мағжан Жұмабаев атамыз сенген болашақ жастар осы оқушыларымыз. Маңғыстау облысы шөлейтті аймақ болған соң жастағаа суды үнемдеу мақсатында ашық сабақ ұйымдастырдық. Оқушыларға сұрақ қойып, суға байланысты құнды ақпараттармен бөлістік. Осындай пайдалы ашық сабақтар жиі өткізілсе, жастар судың қадірін біле түседі деп ойлаймын. Оқушыларымыз білімді, ақылды болса, елімізде ешқашан су тапшылығы болмайды",- деді Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты әлеуметтік мәселелер жөніндегі төрағасы Пания Сармурзина.
Шара барысында оқушылар спикерлерге сұрақ қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
"Президент әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес табиғи ресурстарды үнемдеу жөнінде білім беру ұйымдарында ашық сабақтар өткізіп жатырмыз. Депутаттар әр мектепті аралап іс-шараға қатысып, білім алушылармен пікір алмасуда. Барлығымыздың мақсатымыз бір. Оқушыларға суды үнемдеп, табиғи ресурстарды қадірлеу керек екенін үйрету. Олардың ойын білу, сұрақтарына жауап беру",- деді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Газимова.
91
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев