Otpan News Logo

Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе - SAFE» республикалық науқаны басталды

|
14.04.2026 16:16
Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе - SAFE» республикалық науқаны басталды
ашық дереккөз

Елімізде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Терезе-SAFE» ауқымды ақпараттық науқаны басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бастаманың мақсаты - жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың терезеден құлауына жол бермеу. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиға 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Қауіп тобында негізінен 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұр.


Науқанның негізгі элементі- әр отбасының күнделікті өміріне «Қауіпсіздік минуты» ережесін енгізу. Ережеге сәйкес ата-аналар күн сайын үй ішін қысқаша тексеріп шығу әдетін қалыптастыруы керек. Тексеру кезінде терезе бұғаттағыштарының беріктігіне және терезе алдында бала шығып кететін жиһаздың тұрмауына баса назар аудару қажет. Басты мақсат -әрбір ата-ананың бойында тұрмыстық қауіпсіздік дағдысын қалыптастыру.


Науқан аясында өңірлерде атқарылатын іс-шаралар:


Білім беру саласында:

Мектептер мен балабақшаларда «Қауіпсіз үй» тақырыбында сабақтар мен арнайы мамандардың қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіледі.


Тұрғын үй секторында:

Үй басқарушыларымен және белсенді тұрғындармен бірлесіп, терезелерге арнайы құлыптар орнату және қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық парақшаларды тарату жұмыстары ұйымдастырылады.


Денсаулық сақтау саласында:

Жаңа туған нәрестелерді патронаждық тексеру кезінде медицина қызметкерлері үй ішіне шағын «қауіпсіздік аудитін» жүргізіп, ата-аналарға нақты кеңес береді.


Науқан мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен БАҚ-тың тығыз ынтымақтастығы арқылы жүзеге асады. Бірлескен күш-жігер ересектердің бала өміріне деген жауапкершілігін арттырып, әр үйде қауіпсіз орта құруға бағытталған.

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!