Қазақстандық оқушыларға мамандық таңдауда қалай көмектеседі?
Өткен жылдан бастап Mansap Kompasy цифрлық платформасында кәсіби диагностика және мансаптық бағдарлау құралы енгізілген болатын. Ол болашақ мамандықты немесе бағытты саналы түрде таңдауға көмектесуге бағытталған. Жыл басынан бері тестілеуден 22,5 мың оқушы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 7-11 сынып оқушыларының 116,5 мыңы тестілеуден өткен.
Аталған платформаның функционалы халықаралық бағалау әдістемелеріне сүйене отырып, пайдаланушының кәсіби бағыттарға деген бейімділігі мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Тестілеу нәтижесі бойынша жүйе автоматты түрде мамандық таңдауға қатысты жеке ұсыныстар жасап, білім алу мүмкіндіктері мен қажетті дағдыларды дамыту жолдары туралы ақпарат ұсынады.
Платформа бастапқы кәсіби диагностика жүргізіп, мамандықтар мен еңбек нарығы туралы өзекті мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.
2026 жылы платформаның мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту, қамтылатын аудиторияны арттыру, оның ішінде халықтың түрлі санаттарын қосу, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен еңбек нарығы деректерімен интеграцияны күшейту жоспарланып отыр.