Otpan News Logo

Елімізде 15 сәуірден бастап банк аударымдары бақылауға алынады

Елімізде 15 сәуірден бастап банк аударымдары бақылауға алынады
ашық дереккөзден

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтегі брифингте қазақстандықтардың мобильді аударымдарын бақылау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты zakon.kz  сайтына сілтеме жасап.


Ержан Біржановтың айтуынша, аударымды кәсіпкерлік қызметке жатқызу үшін бірқатар критерийлер бар.


"Біз бұл талаптарды заңда нақты бекіттік. Ал ережелерді Ұлттық банк қабылдады. 15 сәуірге дейін банктерден бірінші тоқсан бойынша деректерді белгіленген критерийлерге сәйкес аламыз. Яғни, банк "қызыл жалаушалар" бойынша деректерді іріктеп, бізге ұсынады. Келесі кезеңде осы мәліметтер камеральдық бақылау аясында қаралады. Кейін тиісті хабарламалар жіберіледі. Олар салық есептілігі тапсырылғаннан кейін немесе түсіндірме берілген жағдайда орындалды деп есептеледі. Мысалы, сіз біреудің кофесіне немесе түскі асына ақша төлеп, кейін ол адам сізге ақшаны қайтарып берсе, мұндай жағдай кәсіпкерлік белгісіне жатпайды", – деді ол.


Сондай-ақ туған күнге немесе басқа да шараларға ақша жинау да бұл санатқа кірмейді.


"Кәсіпкер ретінде және жеке тұлға ретінде жүргізілетін қызметті ажырата білу қажет. Егер адамда екі шот болса – біреуі кәсіпкерлікке арналған, мысалы дүкені бар және төлемдерді QR арқылы қабылдайды. Бұл түсінікті. Ал егер ол жеке кәсіпкер бола тұра, жеке тұлға ретінде карта ашып, оған туған күніне немесе тойына ақша түссе, біз оны көреміз, бірақ оны кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырмаймыз", – деп түсіндірді вице-министр.


63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!