Айрақтыдағы қоқыс: Тұрғындар демалушылардың немқұрайлығына ашулы
Маңғыстаудың ең көрікті жерлерінің бірі – Айрақтыда қоқыс үйінділері көбейді. Бұл жер жергілікті тұрғындар мен туристер арасында өте танымал, тіпті демалыс күндері мұнда ине шаншар орын болмайды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Демалушылар саны артқан сайын, мұнда тасталатын қоқыс көлемі де көбейіп барады. Видеограф Нұркен Тәжібай қалдықтардан түзілген «тауларды» таспаға түсірді.
«Бұл жерге ешкім жаяу келмейді, бәрі көлікпен келеді. Қоқысты жинап, өзіңмен бірге алып кету соншалықты қиын ба? Оны неге мұнда қалдырасыздар? Бұл қоқыстың бәрі далаға ұшып жатыр! Өтінемін, қолымызда бар дүниені қадірлейік!»- деп демалушыларға үндеу жасады видеограф.
Еске сала кетейік, бірнеше жыл бұрын Маңғыстаудың танымал табиғи орындарында демалушыларды дрондар арқылы тәртіп бұзушыларды анықтау жоспарланған еді.
55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев